Ұлытау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басшысы болып Есен Әлмұханбетұлы Байыров тағайындалды

Есен Әлмұханбетұлы 1974 жылы Жезқазған облысы Ағадыр ауданында туған.
2 жоғары білімі бар, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1992 жылы ҚР қарулы күштерінің № 31775 әскери бөлімшеде бастады. Әр жылдары Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдайлар саласында басшылық қызметтер атқарған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы ТЖМ Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.
Отбасылы, 3 баласы бар.