Ұлытау облысының шығармашылық үйірмелері тәрбиеленушілерінің қорытынды концерті өтті
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2021 жылдың мамыр айынан бастап елімізде балаларға арналған спорттық және шығармашылық секцияларды жан басына қаржыландыру жобасы іске қосылғаны белгілі.
️ «АртСпорт» платформасының арқасында Ұлытау облысының жас тұрғындары шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына тегін қол жеткізе алады.
️ Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде түрлі шығармашылық үйірмелер тәрбиеленушілерінің қорытынды концерті өтті. Айта кетейік, облыста барлығы 13 үйірме бар. Олардың қатарында «Домбыра», «Эстрадалық вокал», «Мүсіндеу», «Кескіндеме, сурет салу», «Шешендік өнер», «Хореография» және тағы басқалар бар.
️ Көрермендер алдында 300-ге жуық бала өз қабілеттерін көрсетті. Концерттен кейін кеш қонақтары өңіріміздің жас таланттарына шығармашылық жеңістер мен жетістіктер тіледі.
️ Айта кетейік, Ұлытау облысы бойынша 2014 бала бір немесе басқа үйірмеге барады, тағы 1321 бала спорттың 15 түрі бойынша спорт секцияларында айналысады.
Post Views: 603