Ұлытау облысының прокуроры тағайындалды

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Жарқынбек Кендірбекұлы Бақашбаев Ұлытау облысының прокуроры болып тағайындалды
Бақашбаев Ж.К. еңбек жолын 1985 жылы Целиноград қаласындағы Ленин аудандық прокуратурасында тағылымгер болып бастаған.
Басшылық лауазымдарда тәжірибесі мол. Арыс қаласының ауданаралық прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент және Түркістан қалаларының прокуроры, Қызылорда, Ақмола облыстары, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар департаменті және Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары болған.
2019 жылдан бастап Бас прокуратураның 2-Қызмет бастығы лауазымын атқарды.
Прокуратура органдарындағы тәжірибесі 35 жылдан астам.