Ұлытау облысының полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы болып Қайыркен Жетпісбайұлы Әлиев тағайындалды

Қайыркен Жетпісбайұлы, 45 жаста, Жаңаарқа ауданының тумасы.
2 жоғарғы білімі бар. Қарағанды заң институты, ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институты.
Еңбек жолын Қарағанды қаласының ішкі істер басқармасы 9 бөлімінің жедел уәкілі болып бастаған. Қарағанды облысының ішкі істер департаментінің әртүрлі лауазымдарында жұмыс істеді.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қарағанды облысының полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.
Отбасылы, 3 баласы бар.