Ұлытау облысының мектептерінде 400-ге жуық экобокс орнатылды
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында Ұлытау облысының білім беру ұйымдарында қалдықтарды сұрыптап жинауға арналған 400-ге жуық экобокс орнатылды.


Бүгінде Жезқазған қаласындағы 22 мектепте жәшіктер орнатылып, оқушылар қағаз, пластик және басқа да қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін күнделікті тәжірибеге енгізе бастады.
