Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің құттықтауы

Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, ырыс пен ынтымақтың мерекесі. Бұл күн – халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан салт-дәстүрі мен құндылықтарының айқын көрінісі. Көктемнің шуағымен бірге әр шаңыраққа береке мен бірлік, құт-береке келсін!

Қадірменді жерлестер!

Күн мен түннің теңелетін айрықша мейрам, қазақы жаңа жылымыз өңіріміз үшін табысты болып, жаңа жетістіктерге жетуге жазсын. Әр күніміз қуаныш пен игі істерге толы болып, ынтымақ пен бейбітшілік салтанат құрсын!

Наурыз құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке, молшылық, денсаулық тілеймін!

Дастан РЫСПЕКОВ,
Ұлытау облысының әкімі.