Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлы Қазақстан Президентінің сайлауында дауыс берді
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы жұбайымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берді.
Олар өз дауыстарын Жезқазған қаласының №3 орта мектебінің ғимаратында орналасқан №234 сайлау учаскесінде берді.
Өңір басшысы облыс тұрғындарын азаматтық белсенділік танытып, дауыс беру үшін сайлау учаскесіне келуге шақырды.