Ұлытау облысының әкімдігі мен Ресейдің Новгород облысының Үкіметі арасында меморандумға қол қойылды
Ұлытау облысы әкімінің бірінші орынбасары Аман Бәрекенов Орынбор қаласында «Халықаралық сауданың инфрақұрылымдық шектеулерін алып тастау» атты XVIII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты.
Өзекті тақырыпқа арналған форум жұмысына орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс басшылары, салалық мемлекеттік органдар мен екі елдің іскер топтарының өкілдері қатысты.
Форум аясында Ұлытау облысының әкімдігі (Қазақстан Республикасы) мен Новгород облысының Үкіметі (Ресей Федерациясы) арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени саладағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандум Ұлытау облысының әкімдігі мен Новгород облысының Үкіметіне өзара тиімділік, өзара түсіністік, құрмет, сенім қағидаттары негізінде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени салаларда мынадай бағыттар бойынша ұзақ мерзімді және жан-жақты байланыстар орнатуға және дамытуға мүмкіндік береді:
өнеркәсіп, энергетика және сауда;
құрылыс, көлік және қала шаруашылығы;
ауыл шаруашылығы және азық-түлік;
ақпараттық технологиялар;
спорт және туризм;
денсаулық сақтау;
білім, ғылым және техника;
мәдениет және өнер.