Ұлытау облысында жыл басынан бері интернет-алаяқтықтан 191 млн теңгеден астам шығын келген

Ұлытау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, осы жылдың төрт айында біздің өңірдің аумағында жасалған интернет-алаяқтық фактілерінің динамикасы келесідей:

 қаңтар айында 34 факт тіркеліп, шығын 54 402 842 теңгені құрады;
ақпан айында 31 факттен шығын — 52 550 842 теңге;
наурызда-45 факт, залал 36 669 442 теңгені құрады;
2023 жылғы сәуірде интернет-алаяқтықтың 24 фактісі жасалды, залал 47 588 370 теңгені құрады.

Осылайша, ағымдағы жылдың төрт айында 134 қылмыс жасалды, ал интернет-алаяқтар Ұлытау облысының тұрғындарына 191 млн 211 мың 496 теңге көлемінде залал келтірді.

Осыған байланысты өңір тұрғындарды қырағы болуға және алаяқтардың арбауына түспеуге, абай болуға шақырамыз.