Ұлытау облысында «Жас мемлекеттік қызметші мектебінің» жұмысы басталды

 Жезқазғанда «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» салтанатты түрде ашылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау өңірі бойынша департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп, индустриялық республикалық жобамызға қатысуда.

«Жас мемлекеттік қызметші мектебінің» бірінші маусымына қатысушыларды облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Б.Ахметов, AMANAT партиясының облыстық филиалының төрағасы Б.Шыңғысов және Мемлекеттік қызмет ардагері Қ.Еркебұланова құттықтады. Жобаға қатысушы жастарға естелік сыйлықтар табыс етілді.

️ Айта кету керек, іріктеудің бірнеше кезеңінен (әңгімелесуден өту, эссе жазу) өткен «Жас мемлекеттік қызметші мектебіне» облыстың түкпір-түкпірінен 12 адам оқуға түсті. Оқыту барысында олар мемлекеттік органдарда жұмыс істеу үшін барлық қажетті дағдылар мен білім алады.

Сондай-ақ, жиын аясында облыстың 10 жас мемлекеттік қызметкері салтанатты түрде ант қабылдады. Облыс әкімдігіне жиналғандар жаңадан қызметке кіріскен мемлекеттік қызметшілер антына адал болып, Жаңа Қазақстанды құруға бар күш-жігерін салатындарына сенім білдірді.