Ұлытау облысында «Таза аула», «Үлгілі ауыл» анықталды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында экологиялық мәдениетті дамытуға үлес қосып жүрген, аула тазалығы мен көріктендіру бағытында үлгі боларлық жұмыс атқарған ауылдар арасынан Жаңаарқа ауданы, М.Жұмажанов ауылы облыс бойынша «Үлгілі ауыл» деп танылса, көп қабатты үйлердің аулалары арасынан «Таза аула» номинациясын Жезқазған қаласы, Гагарин көшесі, 72/2 үй жеңіп алды.

Жеңімпаздардың материалдары Республикалық комиссияның қаралуына жолданды.