Ұлытау облысында тұңғыш «Үздік ауыл əкімі» анықталды
Мемлекет басшысы Қ.ТОҚАЕВ өзінің «Əділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында «Жалпыұлттық ынтымақты жəне билік пен қоғамның серіктестігін нығайта береміз. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек» – деп атап өтті.
Төртінші жыл қатарынан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен «Үздік ауыл əкімі» конкурсы өтуде. Конкурстың мақсаты – өзінің қызметінде жоғары нəтижелерге қол жеткізген, ауылдық мекеннің дамуына ерекше еңбек сіңірген ауыл əкімдерін анықтау жəне көтермелеу, сондай-ақ, халықтың билікке деген сенімін нығайтып, мемлекеттік қызметтің оң имиджін, оның ішінде ауыл əкімдерінің оң имиджін қалыптастыру.
Осы орайда Ұлытау облысында тұңғыш рет «Үздік ауыл əкімі» республикалық байқауының өңірлік І кезеңі өткізілді.
Қызметінде екі жылдан астам жұмыс жасап, халық арасында беделге ие болған, əкімшілік жəне тəртіптік жауапкершілікке тартылмаған ауыл əкімдері бұған дейін аудандық деңгейде іріктелген болатын.
Нəтижесінде Республикалық конкурстың өңірлік кезеңіне Ұлытау ауданы Борсеңгір ауылының əкімі Əлімбек Бауыржан Əлімбекұлы, Жаңаарқа ауданы Жаңаарқа кентінің əкімі Қуанышбеков Мейрам Наурызбайұлы жəне Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылдық округінің əкімі Салкебаев Саят Смағұлұлы қатысты.
Қатысушылардың барлығы тəжірибелі, өз өңірінде біршама оң қызмет атқарған мемлекеттік қызметшілер.
Ауыл əкімі халықпен тікелей өзара іс-қимылда болады жəне байланыс орната алу қабілеті мен өзекті мəселелер бойынша уақтылы шешім қабылдай білуі оның қызметінің негізгі құрауышы болып табылады. Əкім жергілікті деңгейде халықтың арасынан шыққан мемлекеттік саясатты жүргізуші болып табылады жəне халықта, оның іс-қимылы бойынша тиімді əрекет ететін мемлекеттік басқару жүйесіне көзқарасы қалыптасады.
Осыған сəйкес комиссия мүшелері «Үздік ауыл əкімі» үміткерлеріне əкімнің өз қызметінде халықтың сұранысына сай ашық, адал əрі əділ болу маңыздылығына тоқталып, аталған байқаудың ауылдарды дамытуға жəне де осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруға оң септігін тигізетіндігіне сенім білдірді.
Конкурсқа қатысушы ауыл əкімдерінің жұмыстарын саралап, алдағы даму жобаларының негізінде конкурс жеңімпазы анықталды.
Жеңімпазды анықтау барысында ауыл əкімінің алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспарын ғана қарамай, оның ауылдың, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған тың жаңашыл жобаларына да назар аударылып, баға берілді.
Ұлытау ауданы Борсеңгір ауылының əкімі Əлімбек Бауыржан Əлімбекұлы ауылдық округте қоғамдық бау-бақша салу, ауылды əлеуметтік азық-түлік қажеттілікпен қамтамасыз ету тақырыбында жобасы тыңдалып, жобаның ауылдың дамуына қосатын үлесі шағын кəсіпкерлікті дамыту, жұмыссыздық деңгейін төмендету, ауыл жастарының арасында адал еңбекті насихаттау, жобаны дамытып аудандық, облыстық деңгейге дейін жеткізу екенін жеткізе білді.
Ал, Жаңаарқа ауданы Жаңаарқа кентінің əкімі Қуанышбеков Мейрам Наурызбайұлы кент тұрғындары үшін мал сою цехын салу басты назардағы мəселе екендігін атап өтті. Тұрғындар үшін де аудан төңірігіндегі орталыққа мал əкелуші ауылдар үшін де Жаңаарқа кентінде заманауи салқындатылған қоймалары бар мал сою цехы салынса өңірдің азық-түлік нарығын жергілікті ет өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндігін, жаңа нысандардың құрылысы есебінен жаңадан жұмыс орны ашылатындығын алға тартты.
Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылдық округінің əкімі Салкебаев Саят Смағұлұлы Түгіскен ауылдық округінде қымыз цехын ашу жобасын қолға алуды жеткізді. Жобаның мақсаты, Түгіскен ауылында қымызды тəулігіне 3 тонна өндіретін цех ашу, ал жоба миссиясы Қазақстанда қымыз өндірісін түрлендіру, табиғи өнім ұсыну.
Ауыл əкімінің алға қойған қарқынды жұмыс жоспары бие сүтінен дайындалатын қымыз, саумал, сонымен қатар нарықта кенінен пайдаланатын косметикалық бұйымдар, оның ішінде бие сүтінен табиғи өнімді шығарушы «Qaz health» компаниясымен серіктестік орнатып, бие сүтінен табиғи ұнтақтан қымыз бен саумал, сабын шығару.
Жобаның ауылға пайдасы ретінде күніне 3 тонна қымыз өндіріліп, шикізат ауыл тұрғындарынан тұрақты бағада сатып алынып, өнделіп, сатуға шығарылатын болады, жұмыс толық іске қосылғанда 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, ауылдағы жұмыссыздық деңгейі төмендеп, ауыл тұрғындары биелерін сатып, шикізат сату арқылы материалдық жағдайын жақсартады.
Осы орайда, ұсынылған жобалардың ішінде үздік деп танылып, одан əрі ауыл берекесінің дамуына үлкен септігін тигізіп, қарқынды даму үстінде жұмыс жасайды деген мақсатпен Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылдық округінің əкімі Салкебаев Саят Смағұлұлы республикалық кезеңге жолдама алды.
Сондай-ақ, конкурсқа қатысушылар Департамент басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Ал, республикалық байқауға жолдама алған ауыл əкіміне толағай табыс пен сəттілік серік болсын деп тілейміз.
М.САБАЕВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары,
Əдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі.