Ұлытау облысында шетелдік көліктер заңдастырыла бастады
Өздеріңізге мәлім, 23 қаңтардан бастап Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру басталды. Ұлытау облысынан ең алғашқы болып заңдастырған тұрғын — Берік Алтынбеков.

Ресейде соңғы уақытқа дейін тіркелген «Kia» көлігін заңдастыру рәсімін жезқазғандық азамат осы акция ресми басталғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң аяқтаған. Берік Алтынбековтың айтуынша, рәсімдеуге бар болғаны 15 минуттай уақыт кеткен. Дәл сол күні Жезқазған қаласының тұрғынына Қазақстан Республикасының техникалық төлқұжаты мен мемлекеттік нөмірі берілді.