Ұлытау облысында ҚМДБ өкілдігі ашылып, жаңа имам тағайындалды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Ұлытау облысына сапары барысында аймақ басшысы Берік Әбдіғалиұлымен кездесті.
Наиб мүфти Берік Әбдіғалиұлын Ұлытау облысының құрылуымен құттықтап, ҚМБД төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтауын жеткізді.
Сонымен бірге, Ұлытау облысындағы ҚМДБ өкілдігінің ашылғанын хабарлап, облыстың тағайындалған жаңа бас имамы Елдос Жұмаділданы таныстырды.
Жұмаділда Елдос Жұмаділдаұлы – Сәтбаев қаласының тумасы. «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің түлегі, исламтанушы. Египет мемлекетіндегі «Әл-Әзһар» университетінде кәсіби біліктілігін арттырған. Қарағанды және Теміртау қалаларында имамдық қызметтер атқарған. Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.