Ұлытау облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы

2026 жылғы 5 ақпан сағат 10:30-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 24-137 шақырым аралығында (Сәтпаев қаласы – Ұлытау кенті) барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Жолды 2026 жылғы 5 ақпан сағат 15:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.