Ұлытау облысында баға қалыптастыру мәселесі талқыланды

Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Бәрекеновтің төрағалығымен азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық сызбаларды тексеру бойынша комиссия отырысы өтті.

️ Оған  қалалар мен аудандардың әкімдіктері онлайн режимде қатысты. Комиссияның жұмыс істеу алгоритмі толыққанды ашық түрде өтуде. Отырысқа Ұлытау облысы бойынша азық-түлік тауарларын көтерме жеткізушілер шақырылды.

Мемлекеттік органдар, әкімдіктер басшыларының және ӘКК басшысының тұрақтандыру қорын құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есептері тыңдалды. Азық-түлік тауарларына баға белгілеу, жосықсыз өнім берушілерді анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында тауарлық үстемеақының 15%-дан асқан сауда субъектілеріне тиісті әкімшілік шараларды қолдану мәселелері қаралды. Сонымен қатар, көтерме жеткізушілердің ұсыныстары тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия төрағасы жосықсыз өнім берушілерді анықтау, сондай-ақ Комиссия жұмысының алгоритміне сәйкес жұмыстарды жалғастыру жөнінде тиісті тапсырмалар берді.