Ұлытау облысында «Қазақстан балалары» ұлттық науқанының аясында Халықаралық балалар күнін атап өтудің жаңа тұжырымдамасын қорытындылау мақсатында брифинг өтті
Іс-шараға Ұлытау облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Маратбек Төребеков қатысып, науқанның маңыздылығы мен нәтижелері туралы сөз сөйледі.
Ұлытау облысының мектептері алғаш рет 2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым аралығында өткен «Қазақстан балалары» ұлттық науқанына белсене қатысып, мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шаралар балалардың шығармашылығын, белсенділігін және әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға, сондай-ақ балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін насихаттауға бағытталды.
Ұлытау облысының мектептері бұл ұлттық науқанға ерекше белсенділікпен қатысты. Оқушылар мен педагогтар көптеген мәдени, білім беру және қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, балалардың өз құқықтарын білуіне, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын игеруіне септігін тигізді. Шаралар барысында балаларға арналған көрмелер, концерттер, спорттық жарыстар және басқа да түрлі қызықты іс-шаралар өткізілді.
Маратбек Төребеков брифинг барысында облыс бойынша өткізілген іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.