Ұлытау облысында 27 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталған
Бүгін облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі өтті. Күн тәртібі бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс нәтижелері баяндалды. Бұл туралы Ұлытау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Қуанышбек Әбішев жеткізді.
Жиында облыстық басқармалардың басшылары, қалалардың, аудандар мен ауылдардың әкімдері жергілікті жерлерде өз өңірінің немесе қызмет саласының мәселелерін дер кезінде тауып, жоюы тиіс екендігі атап өтілді.
Бүгінгі таңда 6 облыстық басқарма сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды аяқтады, нәтижесінде 27 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып отыр.
Өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы IV тоқсан ішінде оларды орындауға және жоюға қою үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сапалы ішкі талдау жүргізуді тапсырды. Департамент тиісті көмек көрсетуге дайын.
«Қазір біздің жаңадан құрылған облысымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық енді қалыптасуда. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін барлық жағдайды қарастыру керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері өз кезегінде қажетті көмек көрсетеді», – деп түйіндеді өз сөзін өңір басшысы.