Ұлытау облысында 135 000-ға жуық жасыл желек отырғызылды
Ағаш егу күнінде Ұлытау облысында 135 000-ға жуық жасыл желек отырғызылды.
Ұлытау облысының қала, аудандары 22 сәуір — «Бүкілқазақстандық ағаш егу күні» экологиялық акциясында белсенділік танытты. Акция барысында саябақтар, көшелер қамтылды.
Іс-шара — әкімдіктердің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, депутаттық корпус, «Қазақмыс» корпорациясының қызметкерлері, коммуналдық қызметтер өкілдерінің қатысуымен өтті.
Экологиялық акцияға 2000-нан астам ұлытаулық қатысты.
Жезқазған қаласы 300-ден астам
Сәтбаев қаласы 400-ге жуық
Қаражал қаласы 90-нан астам
Ұлытау ауданы 600-ден астам
Жаңаарқа ауданы 150-ге жуық
«Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы» КММ 40 гектар жерге 133 320 ағаш отырғызды.
«Бүкілқазақстандық ағаш егу күнінде» облыс аумағына ағаштар отырғызылып қана қоймай, көшелерді тазарту жұмыстары да жүргізілді. Ол үшін 100-ден астам техника жұмылдырылған.
Айта кетейік, ҚР Президентінің елдімекендерге 15 млн.түп ағаш егу қажеттілігі жөнінде берілген тапсырмасы негізінде Ұлытау облысының қала, аудан, ауылдық елдімекендерінің аумағына 2023 жылы 28 495 түп ағаш отырғызу жоспарланған болатын.