Ұлытау облысына жұмыс сапарымен ҚР ИИД министрі келді
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары барысында Марат Қарабаев өңіріміздің қазіргі жағдайымен және даму перспективаларымен танысты. Белгілі болғандай, ҚР ИИДМ инвестициялық жобалар пулы аясында біздің облыста 1181 тұрақты жұмыс орны құрылып, шамамен 137 млрд теңге сомаға 12 жобаны іске асыру жоспарлануда.
ҚР ИИД министрі алдымен Жезқазған қаласының әуежайында болды. Бүгінгі күні әуежайдан үш бағыт бойынша аптасына 16 авиарейс жүргізілуде.
Бұдан әрі Марат Қарабаев Жезқазғанның шаруашылық-ауыз суын тазарту жұмыстарының барысымен танысты. Қала тұрғындарын ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін республикалық бюджет есебінен екі жобаны іске асыру жүргізілуде. Олардың жалпы құны-шамамен 12 млрд теңге. Жұмыстар осы жылдың қазан айында аяқталмақ.
Содан кейін Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен ҚР ИИД министрі Марат Қарабаев жылу желілерін қайта құру және жаңғырту алаңында болды. Биыл жобаны одан әрі іске асыру үшін 2,6 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат қажет. М.Қарабаев министрлік бюджетті түзету және үнемдеу кезінде қосымша қаражат бөлуді қарастыруға дайын екенін атап өтті.
Жезқазған қаласын аралап шыққаннан кейін министр облыс тұрғындарымен кездесу өткізіп, жергілікті БАҚ-пен өткен конференцияға қатысты.