Ұлытау облысы құрылады

Бұрынғы Жезқазған облысы аумағында Ұлытау облысы құрылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан халқына арнаған Жолдауы барысында мәлімдеді. Жезқазған қаласы облыс орталығы болады.

— Бұл аймақта дербес облыс құру экономикалық қана емес, руһани жағынан да маңызды шешім. Кең байтақ қазақ жерінің дәл жүрегінде орналасқан Ұлытаудың орны ерекше, — деді Президент.