Ұлытау облысы Ұлытау аудандық сайлау комиссиясының № 9 ШЕШІМІ

Ұлытау селосы    03 мамыр  2023

 

Ұлытау ауданы Ұлытау, Аманкелді,  Терісаққан ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1 бабына сәйкес, Ұлытау аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ қабылдады:

 

  1. Ұлытау ауданында 2023 жылғы 11 маусымға сайлау тағайындалсын:

 

        — Ұлытау ауылдық округі әкіміне;

— Аманкелді ауылдық округі әкіміне;

— Терісаққан ауылдық округі әкіміне

 

  1. 2023 жылғы 11 маусымға белгіленген Ұлытау ауданының Ұлытау, Аманкелді, Терісаққан ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту:

 

— әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 04 мамырдан басталады

және  16 мамыр сағат 18:00-де аяқталады;

— әкімдікке кандидаттарды тіркеу 2023 жылғы 21 мамыр сағат 18:00-де

аяқталады.

 

3.Осы шешім Ұлытау аудандық сайлау комиссиясының интернет-

парақшасына және аудандық «Ұлытау» газетіне жариялансын.

 

Сайлау комиссиясының  төрағасы                                                                                        М.Қ.Ахметов

 

Сайлау комиссиясының  хатшысы                                                                                        Н.Б.Раймова