Ұлытау облысы әкімінің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті
Күн тәртібінде халықты құлақтандыру жүйелерінің жағдайы, өрт бекеттерін жарақтандыру мәселесі, сыртқы өртке қарсы су көздерінің жай-күйі, газ баллондары мен құрылғылардың қолдануымен байланысты төтенше жағдайларды алдын алу іс-шаралары, апатты тұрғын-үйлердегі төтенеше жағдайлардың алдын алу, балалардың терезеден құлау жағдайларын болдырмау мәселелері қаралды.
Кеңесте өңір басшысы қала және аудан әкімдеріне жзергілікті өрт сөндіру техникаларын кезең-кезеңімен жаңартып, жөндеп, күтіп ұстаудың, оларды жылыту жүйесі бар ғимараттарға орналастырудың маңызын атап өтіп, жарамсыз техникаларды актілеп қолданыстан шығаруды тапсырды.
Сонымен қатар, облыс әкімі әлеуметтік осал топтағы отбасылардың терезереліне блокираторлар орнату бойынша халық арасында профилактикалық жұмыстарды белсендетуді, апатты үйлерге тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отыруды ескертті.
Жиында облыс әкімі байланыс және хабарландыру сапасын жақсарту мақсатында қажетті жабдықтарды жеке байланыс операторларының мачталық құрылғыларын өтеусіз негізде орнатуды, ескі үлгідегі қолмен басқарылатын құрылғыларды заманауи сиреналарға ауыстыру және басқару пульттерін сатып алуға қажетті қаржыландыруды пысықтауды жүктеді.
Отырыста газ баллондары мен жабдықтарын қауіпсіз пайдалану да назардан тыс қалмады. Бұл тұрғыда өңір басшысы халық арасында тиісті профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырып тұру қажеттігін атап өтті.