Ұлытау облысы Елтаңбасының ең үздік жобасына байқау жарияланады

Конкурсқа жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
✅ Қатысу үшін байқау комиссиясына жобаның эскизін және оған түсіндірме жазбаны ұсыну қажет.
✅ Эскиз қағазда немесе электронды тасымалдағышта ұсынылуы тиіс.
✅ Қатысушылардың ұсыныстарын танымал сәулетшілер мен мамандардан тұратын байқау комиссиясы қарайды.
Материалдар 2022 жылдың 15 қазанына дейін Ұлытау облысының Қоғамдық даму басқармасына ұсынылуы тиіс (ulytaugogam20@gmail.com, байланыс телефоны: 735076 немесе +77479551524).
Жеңімпазға диплом мен 500 мың теңге ақшалай сыйлық беріледі.