ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ЭКОНОМИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Нұрлан Ерболатұлы Абдукалимов 1986 жылы туған.

Еңбек жолын Астана қаласының №1 қалалық ауруханасында есепші болып бастаған.

Әр жылдары Қазақстан Республикасының қаржы, экономика және бюджетті жоспарлау министрліктерінде жауапты қызметтер атқарған.

Қаржы министрлігінде өнеркәсіп және
отын-энергетика кешеніндегі бюджетті жоспарлау саласына жауап берген.

Кейіннен «Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясында экономика және бюджетті жоспарлау департаментін басқарған.

Алматы облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Осы тағайындауға дейін Ұлытау облысы Қаржы басқармасының басшысы болды.