Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаментінің басшысы тағайындалды
Хамзин Дастан Айтжанұлы ҚР ҚМ ТЖК Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Дастан Айтжанұлы 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ ұлттық техникалық университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша, Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде Департамент басшысы, Премьер-Министр Кеңсесінде, «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті басшысының орынбасары болды.