Ұлытау даңқы – қара өлеңде!
Аудан орталығында Ұлытау ауданының 85 жылдық мерейтойы аясында аудан əкімдігі мен «Ұлар» əдеби бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырған «Жырым сенсің, Ұлытау!» атты облыстық жыр мүшəйрасы қорытындыланды.
Мүшəйраның мақсаты – қасиетті Ұлытау өңірінде өткен тарихи оқиғалар мен тұлғалар тағылымын дəріптеу, оларды өлең өзегіне айналдыру. Осы мақсатта өткен мүшəйраға облыс аумағынан 18 бен 35 жас аралығындағы жастар қатысты. Жыр додасында барлығы 20 жас талант бақтарын сынады. Шараны аудан əкімі Аманжол Мырзабеков кіріспе сөзбен ашты. Мүшəйраға есімі елге таныс Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Кенжебай Ахметов, Ұлытау аудандық мəслихатының төрағасы, ақын Ахат Құрмансейітов, аудандық «Ұлытау» газеті басредакторының орынбасары Қайрат Кенжекұлы қазылық етті. Барлық өлеңдерді електен өткізген қазылар аты озыпкелген 7 дарынды анықтады. Бас жүлдені Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Абзал Мақаш иеленді.
Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен əдебиет пəні мұғалімі Жанат Əбдіғожин бірінші орынды еншіледі.
Екінші орын – облыстық «Ulytau» телерадио компаниясының тілшісі Мұқағали Сейтқазыға бұйырды. Ал, үшінші орынға аймаққа танымал жас ақын Ботакөз Мұхиден ие болды.
Сондай-ақ, ынталандыру сыйлығы Құрмет Тілеулинов пен Медет Қарахметовке жəне Қасымхан Ғалымға табысталды. Үздік шыққан жалынды жастар аудан əкімінің дипломдарымен, қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.
Қайрат ЖҰМАБАЙ.