Ұлытау ауданының тұрғындары сенбілікке шықты
Бүгін Ұлытау ауданы аумағында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Оған аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері және жастар қатысты.
Белсенді азаматтар мен мекеме қызметкерлері бекітілген кестеге сәйкес сенбілікке шығып, қоғамдық жұмысты жоғары деңгейде өткеруге атсалысты.
Сенбілік барысында аудан орталығындағы ғимараттардың, дүкендер, саябақтар және ескерткіштер алаңдары қоқыстан тазартылды.
Сенбілікке арнайы техникалар жұмылдырылып, жиналған қатты қалдықтар сыртқа шығарылды.
Осындай тазалық жұмыстары ауданымыздағы барлық кент, ауылдық округтерде де бекітілген кестеге сай жүргізілуде.