Ұлытау ауданының Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурсты өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 24 және 25-тармақтарының негізінде Ұлытау ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Ұлытау ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Қоғамдық кеңестің сандық құрамы – 10 адам, оның 1-і – мемлекеттік органдар өкілдері, 9-ы – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың арасында өткізіледі.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша конкурсқа құжаттарды ұсыну мерзімі: 2022 жылдың 31 қаңтарынан, 2022 жылдың 11 ақпанына (қоса алғанда) дейін.

Конурсқа құжаттарды қабылдау келесі мекен-жайда жүргізіледі: 101500, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Абай көшесі, 27, «Ұлытау аудандық мәслихатының аппараты» ММ-сі, №12 кабинет. Электронды мекен-жай: ulytaumaslihat@mail.ru, ulytaumaslihat.gov.kz/ru/. Байланыс телефоны: 8 (71035) 21223.