Ұлытау ауданының әкімі – «Nur Otan» партиясынан Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Берік Әбдіғалиұлы дауыс берді

Ұлытау ауданының әкімі – «Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Берік Әбдіғалиұлы аудандық мәдениет үйінде орналасқан №723 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

-Бүгін – аса маңызды күн. Бұл, сөздің шынайы мағынасында, елдігіміз сынға түсетін сәт. Сайлау нәтижесі мемлекеттің одан әрі даму үрдісіне оң ықпал етуі тиіс. Атқарылған жұмыстар мен алдағы кешенді жоспарлар – соның даусыз кепілі. Бүгінгі шақтан ертеңгі күннің жарқын болары күмәнсіз. Ел аман болып, берекесі арта берсін, – деді Берік Әбдіғалиұлы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен тілдескен кезінде.   

 Өз тілшімізден.