Ұлытау ауданында жаңа жанар-жағар май бекеттері ашылады
Бүгін Ұлытау ауданының әкімі Аманжол Мырзабеков «Sinooil» ЖШС өкілдерін қабылдады. Кездесуде аталмыш компания өкілдері аудан аумағында екі жанар-жағар май құю бекетін ашуды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Жоспар бойынша, бекеттердің бірі аудан орталығында, ал екіншісі Жезді кентінде ашылмақ. Жаңа нысанның жанында арнайы қонақ үй, автокөлік тұрағы мен көлік жуу қызметтері де қоса ашылады. Бұл ұлытаулықтардың бір жерде бірнеше қызметті қатар алуларына қолайлы жағдай туғызбақ.
Аудан әкімінің қабылдауында қос тарап жанар-жағар май бекеттері салынатын жер телімдерін таңдап, ортақ мәмілеге келді. Бекеттердің құрылыс жұмыстары биыл басталуы тиіс.