Ұлытау ауданында – жаңа әкім
Ұлытау ауданының әкімі лауазымына Аманжол МЫРЗАБЕКОВ тағайындалды.
Аманжол Батырбекұлы 1973 жылы Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылында туған.
Екі жоғары білімі бар – 1995 жылы Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтын, 2013 жылы Қазақстан-Ресей университетін бітірген. Біліктілігі – инженер-мелиоратор, заңгер.
Еңбек жолын 1995 жылы Жезді аудандық әскери комиссариаты 1-бөлім бастығының аға көмекшісі болып бастаған.
-1997-2005 жылдары – Ұлытау ауданы әкімінің көмекшісі, аудан әкімі аппаратының бас маманы, аудан әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі;
-2005-2007 жылдары – Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі;
-2007-2017 жылдары – Ұлытау ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары.
-2017-2021 жылдары – «Ұлытау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ және «Ұлытау ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы.
2021 жылдан бастап, тағайындалғанға дейін Ұлытау аудандық мәслихатының хатшысы лауазымында қызмет атқарды.
Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.