Ұлытау ауданындағы жағдай: Елді мекендерге қауіп жоқ
Ұлытау ауданындағы жағдай тұрақталды. Түнде өрт ошақтары елді мекендерге жақындады, бірақ бүгінгі таңда қауіп жоқ. Өрттің алдын алу жұмыстары жалғасуда, күш пен құрал жеткілікті.
– Ұлытау ауданында алты өрт ошағы бақылауда — бұл төрт табиғи өрт және екі жергілікті. Біреуі (Сәтбаев жанындағы) сөндірілді. Бөрсеңгір ауылы маңында өрт сөндіру жұмыстары аяқталуға жақын. Кеше Пионер және Байқоңыр ауылдарына өрттің жақындау жағдайлары болды. Қазіргі таңда елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ, – дейді Қарағанды облысы бойынша ТЖД басшысы Мұрат Қатпанов.
Пионер ауылында ТЖ алдын алу бойынша штаб құрылды, ол жерден жедел басқару жүргізілуде.
Бұрын хабарланғандай, Қарағандыдан Ұлытау ауданына көмекке жеке құрамның 42 адамы мен үш бірлік техника жөнелтілді.
– Жұмыстар түнде тоқтатылмады. Қабылданған шаралар қауіпті сейілтті. Күш пен құралдар жеткілікті. Құтқару қызметтері жергілікті атқарушы органдармен тығыз жұмыс жасауда. Әкімшіліктер қажетті материалды-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуде. Тұрғындар түсінушілікпен қарауда, белсенді қолдау көрсетіп, тіпті өз үйлерінде құтқарушыларды тамақтандыруда, – деп атап өтті Мұрат Қатпанов.
Жезқазған және Сәтбаев әкімдіктері 20 тонна жанар-жағар май мен азық-түлікті ұйымдастырды.