Ұлытау ауданында шектеу шараларын күшейту туралы

 

Мен, Ұлытау ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері   Е.А.Танабаев, Ұлытау ауданында СOVID-19 (бұдан әрі-КВИ) ауруы бойынша материалдарды қарап, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 38, 104-баптарына сәйкес, Ұлытау ауданы көлемінде КВИ таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ұлытау ауданы аумағында кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет пен халықтың өмірінің ерекше жағдайлары бар карантин режимі ұзартылсын.
  2. Барлық меншік нысанындағы ұйымдар, кәсіпорындардың басшылары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қызметкерлер мен клиенттердің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын:

— қызметкерлерді қолғаптар мен қорғаныс маскаларының қажетті қорымен қамтамасыз ету;

— қызметкерлердің қолғаптар мен қорғаныс маскаларын пайдалануына, пайдаланылған ЖҚҚ-ны қауіпсіз жинауға, жоюға бақылау жүргізу;

— объектіге кіреберісте жеткілікті мөлшердегі дезинфекциялау кілемшелерін орнату, өткізу қабілетін ескере отырып, дезинфекциялау құралдарымен сулау әдісімен оларды үнемі ылғалдандырып отыру;

— үй-жайды күніне кемінде 2 рет ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізу;

— дүкендерге, дәріханаларға, медициналық мекемелерге және басқа да барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындарға кіреберісте санитайзерлер орнату;

— азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға бір уақытта 2 адамнан артық емес кіруді ұйымдастыру;

— үй-жайлардың ішінде және сыртында 2 метрден кем емес кезекте әлеуметтік қашықтықтың сақталуын бақылауды міндетті түрде тиісті белгілеумен қамтамасыз ету.

  1. Ұлытау ауданының тұрғындары:

1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қорғаныс маскаларын кию ережелерін сақтауға міндетті;

2) объектілерге бару кезінде, қоғамдық көлікті пайдалану кезінде, жұмыс орындарында келесі шараларды сақтауға міндетті:

а) қол алысуды болдырмау, адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау, қорғаныс маскаларын дұрыс киюді қамтамасыз ету;

б) жеке гигиенаны сақтау (қолды жуғыш заттармен жуу, санитайзерлерді (қолға арналған антисептиктерді) пайдалану, түшкіру және жөтел этикетін сақтау);

3) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда,                       3 адамнан аспайтын топтармен саябақтарға, алаңдар мен қоғамдық орындарға баруға рұқсат етілсін;

4) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан артық адамдардың жиналуына тыйым салынады;

5) 65 жастан асқан адамдарға елді мекендер мен қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруды шектеу ұсынылсын;

6) респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (мұрынның ағуы, түшкіру, температура) пайда болған кезде 103 нөмірі бойынша жедел медициналық көмекті шақыру жолымен медициналық ұйымдарға бармай-ақ, дереу үйде медициналық көмекке жүгінуге құқылы;

7) жерлеу іс-шараларын өткізу кезінде кемінде екі метр қашықтықты сақтай отырып, 10-нан астам адамның жиналуына жол бермеу;

8) бұқаралық, ұжымдық іс-шараларды (мерекелік іс-шараларды, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, конференцияларды, семинарларды, көрмелерді, форумдарды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынсын.

  1. Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің басшылары (білім беру объектілеріндегі тамақтануды қоспағанда) толтырылуын 50%-дан аспайтын, бірақ 30-ден аспайтын отыратын орын белгілей отырып және 1 келушіге 4 ш.м. сақтай отырып, ұжымдық және естелік іс-шаралар (тойлар, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) өткізбестен, жұмыс, мереке және демалыс күндері жұмыс тәртібімен сағат 09.00-ден 20-00-ге дейін (тамақ жеткізу және шығару-уақыт шектеусіз) санитариялық қауіпсіздік шараларын қаулыға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып қамтамасыз етсін.
  2. Ұйымдастырылған ұжымдардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің басшылары (білім беру объектілеріндегі тамақтануды қоспағанда) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес санитариялық қауіпсіздік шараларын күшейтсін.
  3. Қызмет көрсету саласындағы субъектілер (екінші деңгейдегі банктер, пошта бөлімшелері, халыққа қызмет көрсету орталықтары, адвокаттық және нотариаттық кеңселер, жеке сот орындаушылары, ломбардтар, микроқаржы және микрокредиттік ұйымдар) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес санитариялық шараларды күшейтсін. Бұл ретте жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін белгіленсін.
  4. Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылары мемлекеттік қызметтерді online-режимде көрсетуді қамтамасыз етсін, нақты мемлекеттік қызметтерді online-режимде көрсетуге техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда-оларды қатаң алдын ала Egov.kz және EgovKZBot 2.0 телеграмм-бот брондау арқылы ұсынуды қамтамасыз етсін. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақытын 09-00 сағаттан 18-00 сағатқа дейін белгілеу.
  5. Автобөлшектер дүкендерінің және техникалық қызмет көрсету (вулканизация, автожуу) станцияларының басшылары осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес қызметке қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін;
  6. Сервистік қызмет көрсету объектілерінің басшылары: картридждерді, тұрмыстық техниканы, банкоматтарды, терминалдарды толтыру және т.б. осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес санитариялық шараларды күшейтсін.
  7. Өнеркәсіптік кәсіпорындар, оның ішінде вахталық жұмыс істейтіндер осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес санитариялық шараларды күшейтуге міндеттеніледі.

Вахталық ауыстыруды жүзеге асырған кезде келесіні қамтамасыз ету:

— тексеру жүргізу, ПТР теріс нәтижесі болған кезде қызметкерлерді вахтаға жіберу;

— вахталық кенттерде қызметкерлердің орталықтандырылған орталықта орналасуы;

— катаральды құбылыстардың бар-жоғын күнделікті тексеріп, байланыссыз термометрия жүргізе отырып, әрбір қызметкерді медициналық бақылау;

— катаральды құбылыстар немесе температураның жоғарылауы анықталған жағдайда дереу COVID-19-ға тексеруге жіберілсін;

-COVID-19 оң зертханалық растауын алған кезде эпидемияға қарсы іс-шараларды дереу ұйымдастырып, жүргізу.

— жұмыскерлерді орталықтандырылған жеткізуді ұйымдастыру.

-технологиялық процеске қатысы жоқ мамандарды қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстыру

  1. Қонақ үйлердің басшылары осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейтсін және толтырылуын 50%-дан асырмау қажет.
  2. Адамдар көп жиналатын орындарда санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, жағажайлар жұмысын жаңғыртпай қамтамасыз етсін.
  3. Сауда желілерінің, азық-түлікке жатпайтын тауарларды сататын дүкендердің меншік иелері 1 келушіге кемінде 4 ш.м сақтау шартымен, толтырылуын 30% аспайтын, жұмыс уақытын 09-00-ден 20-00 дейін шектеп, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қаулыға 13-қосымшаға сәйкес санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, санитариялық және дезинфекциялық іс-шараларды күшейту жолымен жүзеге асырады.
  4. Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің басшылары осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, қызметті қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстыру (штат кестесінде 15 және одан да көп қызметкер болғанда).
  5. Шаштараздар0 сұлулық салондары қаулыға 15-қосымшаға сәйкес санитариялық шараларды күшейте отырып, бір келушіге кемінде 4 ш.м. қамтамасыз ету кезінде алдын ала жазылу жөніндегі қызметті қамтамасыз етсін.
  6. Моншалардың иелері толтырылуын 50% аспайтын, осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес санитариялық шараларды күшейтсін, демалыс күндері тоқтатылсын;
  7. 17. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының (бұдан әрі- бұйрық) талаптарын қатаң сақтай отырып, Ұлытау ауданының білім бөлімі, білім беру ұйымдарының директорларына:

1) 300 оқушыға дейінгі контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқыту;

2) дәстүрлі форматта жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпты қоса алғанда кезекші сыныптарда ата-аналардың өтініші бойынша 15 баладан аспайтын сыныптарды жинақтауды сақтаған кезде оқыту;

3) бітіруші сыныптары үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқыту (9, 11 (12) сыныптар): пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқыту (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1-сынып-1-кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір мезгілде мектепте жобалық қуаттың 30%-дан аспайтын болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді, маскалық режимді күшейту);

— жалпы білім беру мектептері жанындағы балаларды сауықтыру лагерлері, шағын орталықтар, секциялар, үйірмелер қызыметіне;

— оқушылардың халықаралық спорт, мәдени шаралар, олимпиада, экскурсияға  COVID-19 қолайсыз елдерге баруына;

—  сабақтан тыс уақытта оқушыларды жеке оқытуға;

— қосымша білім беру мекемелерінің қызметіне (спорт, өнер мектебі және т.б.);

— дәстүрлі форматта  білімге баға берудің барлық түрлеріне (тестілеу) тыйым салынады.

  1. Ұлытау ауданының білім бөлімі, білім беру объектілерінің басшылары, кәсіпкерлік субъектілері-осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін.
  2. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының басшылары осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі кезекші топтардың қызметін қамтамасыз етсін.
  3. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының директоры: бірінші курс студенттерін штаттық оқытуды қайта бастаған және олар тұратын жатақханалар қызметін қайта бастаған кезде осы қаулының 20-қосымшасына сәйкес студенттердің тұруына арналған жатақханалардың қызметін қайта бастау алгоритмінің сақталуын қамтамасыз етсін.
  4. 21. Мәдениет объектілерінің (кітапханалардың, мұражайлардың) басшылары қызметін ғимараттың толуы 20%-дан және 30 адамнан аспайтын уақытта санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейтумен қамтамасыз етсін.
  5. Діни мекемелер (мешіттер және басқалар) осы қаулыға 22 қосымшаға сәйкес белгіленген талаптарды сақтай отырып, ұжымдық іс-шаралар өткізбей қызметін қамтамасыз етсін.
  6. Тренажер залдарының, спорт кешендерінің басшылары осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, қызметті қамтамасыз етсін:

1) жаттығу залдары қызметін алдын ала жазылу бойынша, бір келушіге кемінде 5 м2 әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 50%-дан аспайтын толтырылуын қамтамасыз ету кезінде жүзеге асырады;

2) топта 5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығуларды өткізу;

3) санитариялық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, міндетті түрде дене қызуын өлшей отырып, спорттық жаттығулар өткізу;

  1. Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы (бұдан әрі-басқарма) басшысы:

1) COVID-19 науқастарымен байланыста болған адамдарды анықтау (үй ошағы және жұмысы, оқу орны және т. б.), ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулыларының талаптарына сәйкес ПТР-зерттеумен қамту;

2) COVID-19 одан әрі таралуына жол бермеу бойынша эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізу;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаулылар мен санитариялық қағидалар талаптарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдай отырып, карантиндік іс-шараларды бақылау жөніндегі жұмысты күшейту.

  1. Ауыл, кент әкімдері:

1) Ұлытау ауданының аумағында күшейтілген санитариялық және дезинфекциялық іс-шаралардың сақталуын бақылау, оның ішінде:

— халықтың қоғамдық орындарда маска режимін сақтауы;

— объектілерде жұмыс режимін және карантин кезеңінде эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтау;

2) карантин бойынша барлық жұмылдырылған қызметтердің шектеу іс-шараларын жүргізу кезіндегі биологиялық қауіпсіздік режимі, оларды жеке қорғану құралдарымен, қажетті тамақ өнімдерімен және жеке гигиена жағдайларымен жарақтандыру;

3) карантиндік үй-жайлар (инфекциялық және т.б.) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған жеке контейнерлер орнату. Қауіпті медициналық қалдықтарды кәдеге жаратуға қойылатын талаптарға сәйкес контейнерлерді кейіннен дезинфекциялай отырып, қауіпті медициналық қалдықтарды шығаруды, ал кәдеге жаратуды мамандандырылған көлікпен жүзеге асыру;

  1. Ауыл, кент әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдары іске қосуды және орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін:

1) кейінге қалдыруға болмайтын шешімді талап ететін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда азаматтарды жеке қабылдауды, кеңестерді, семинарларды және т.б. қызметкерлердің жеке қатысуымен өткізуге тыйым салу. Оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда осы қаулыға   26-қосымшаға сәйкес, алгоритмнің қатаң сақталуын қамтамасыз ету;

2) денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, карантин үшін жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсеткен кезде, ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізген кезде, науқастар мен байланыс жасайтын адамдарға сауалнама жүргізген кезде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісімінсіз аудио, фото және бейне түсірілімдер жүргізуге тыйым салу;

3) бұқаралық,  ұжымдық,  іс-шараларды (мерекелік іс-шараларды, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, конференцияларды, семинарларды, көрмелерді, форумдарды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу;

4) барлық әкімшілік ғимараттарда, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану объектілерінде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау ғимаратқа (үй-жайға) кіреберісте дезинфекциялық тосқауылдарды, қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, жиһаз беттерін күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету) қамтамасыз ету;

5) осы қаулының талаптарына сәйкес азық-түлік базарларын, аялдама кешендерін, сауда алаңдарының (азық-түлік дүкендерінің) сыртқы элементтері мен учаскелерін, шағын сәулет нысандарын, кіреберістерді, саябақтарды, скверлерді аптасына 2 рет жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеу;

6) COVID-19 профилактикасы мәселелері бойынша халықты тұрақты хабардар ету, халық арасында дүрбелеңнің алдын алу бойынша шаралар қабылдау;

7) Осы қаулының 4, 5-тармақтарында көрсетілген объектілердің қызметіне тыйым салу;

8) халықтың жаппай корпоративтік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуі үшін жеке меншік үйлер мен құрылыстарды жалға алуға тыйым салу;

9) қоғамдық көлікте карантиндік шараларды сақтау;

10) осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), басқа да кеңселерге қойылатын талаптарды сақтау қағидаттарына негізделеді.

  1. Ауыл, кент әкімдері, автостанция басшысы:

1) соңғы аялдамада көлікті дезинфекциялау құралдарымен өңдеуді, отыратын орындардың саны бойынша салондардың толтырылуын және осы қаулыда жазылған талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті;

  1. Ауыл, кент әкімдері, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы Ұлытау ауданының филиалы, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

1) InfoKazakhstan.kz сайттан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастау;

2) халықты, жеке және заңды тұлғаларды InfoKazakhstan.kz веб-сайтының объектілердің жұмысына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптармен танысу бойынша, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі жұмысы туралы ақпараттандыру;

3) карантиндік режимді бұзу туралы шағымдар мен фактілерді орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz веб-сайтын, бұзушылықтарды жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау мақсатында пайдалану;

4) InfoKazakhstan.kz веб-сайтында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын тексеретін инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін орналастыру;

5) кәсіпкерлік субъектісінің объектінің паспортына InfoKazakhstan.kz сайтқа енгізуі келушілердің үй-жайларды жоспарлы толтыруы туралы мәліметтер (осы қаулыға қосымшаларда айқындалатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілер қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, 1 адамға белгіленген алаңды ескере отырып айқындалады және енгізіледі).

  1. Ауыл, кент әкімдері, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы Ұлытау ауданының филиалы, кәсіпкерлік субъектілері:

1) объектілерде санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтау жөніндегі белгіленген талаптарды және Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулыларының талаптарын мүлтіксіз орындау;

2) қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін санитариялық нормаларға сәйкестік актісін объектіге кіре берісте көрінетін жерге орналастыру;

3) тамақ өнімдерін өткізу объектілерінде санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейту;

4) барлық сауда объектілерінде төмендегі талаптарды сақтау:

— объектіге кіру және шығу кезінде келушілер ағынын шектеу;

— ғимаратқа кіре берісте (бутиктер, үй-жайлар және т. б.) дезинфекциялық тосқауылдарды (кілемшелерді) орнату, оны сулау әдісімен дезинфекциялық құралдармен үнемі ылғалдау;

— 5 адамнан артық кезекке тұруға жол бермеу;

-келушілер арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтау;

— персоналдың жұмыс кезінде бір реттік қорғаныс маскаларын пайдалануын қамтамасыз ету (маскаларды ауыстыру 3 сағатта кемінде 1 рет);

— көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тамақ өнімдерін өлшеп-оралған түрде өткізуге;

— сатып алушылар қол жеткізе алатын нан-тоқаш, кондитерлік және өзге де бұйымдарды сатуды тек қапталған түрде жүзеге асыру;

— дезинфекциялық режимді күшейту: әрбір 3 сағат сайын арнайы дезинфекциялық құралдармен үстелдерді, орындықтарды, есіктерді, едендерді, келушілердің қолымен жанасатын өзге де беттерді өңдеу;

— объектілерді тұрақты желдетуді жүргізу, сору-сыртқа тарату қондырғыларын дезинфекциялау, сырттан ауа алу жолымен үй-жайларды сүзуді және желдетуді ұлғайту; әрбір сатып алушыдан кейін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып арбаларды, себеттерді өңдеу («шартты лас»  аймақта, өңдегеннен кейін оларды «таза аймаққа» ауыстыру»);

— жіті респираторлық инфекция (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар персоналды жұмысқа жібермеу);

— кіреберісте және сауда залында микробқа қарсы әсері ұзартылған көпфункционалды антисептикалық затты пайдаланатын қол өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беруді қамтамасыз ету;

-кассалық аймақта-қолды өңдеуге арналған құрамында спирті бар ерітіндісі бар мөлшерлегіштерді (пульверизаторларды) орнату;

— тазалық жұмыстарын жүргізетін персоналға бір рет қолданылатын қолғаптар, медициналық маскалар беруді және оларды уақтылы ауыстыруды қамтамасыз ету;

— объектіге іргелес аумақты дезинфекциялау құралдарымен тәулігіне кемінде 1 рет өңдеу;

— келушілерге коронавирустың алдын-алу туралы жадынамалар тарату;

— аудио жабдықтар арқылы келушілерге арналған объектіде коронавирустың алдын-алу және қабылданған шаралар туралы ақпаратты тарату;

— жоғарыда аталған тармақтардың сақталуын қамтамасыз ететін сауда объектілерінде жауапты қызметкерлерді бекіту.

  1. Ауыл, кент әкімдері, Ұлытау ауданының ауылшаруашылығы бөлімі, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі-ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін дайындау және өткізу кезінде санитарлық ережелер мен Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулылары талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етсін.
  2. Ұлытау ауданының жастар ресурстық орталығы, Ұлытау ауданының ішкі саясат бөлімі-зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету бойынша еріктілердің жұмысын жандандырсын.
  3. Ұлытау ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі-өнеркәсіп кәсіпорындарында стационарлық тепловизорларды орнату мәселесін пысықтасын.
  4. Ұлытау ауданының полиция бөлімі:

1) карантин режимін және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулыларымен белгіленген талаптарды бұзатын адамдарға шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін;

2) COVID-19 бойынша байланыста болған адамдарды карантиндеу және провизорлық емдеуге жатқызу орындарын күзету;

3) азаматтардың көшеде жүру құқығынсыз, ұялы байланыс құралдары арқылы қадағалай отырып, үй карантині режимін сақтауын бақылау;

4) Ұлытау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының (бұдан әрі-Басқарма) ұсынуы бойынша COVID-19 науқастарымен байланыста болғандарды іздеу;

5) халықтың енгізілген шектеулерді сақтауы бойынша көшелерді, көпшілік жиналатын орындарды тәулік бойы патрульдеу;

6) осы фактілер бойынша әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану үшін Басқармаға дәлелдеу материалдарын бере отырып, карантиндік іс-шаралардың бұзылуын анықтау жөніндегі жұмысты күшейту;

7) аумақтық әкімдіктермен бірлесіп, азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және олардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулыларының талаптарын сақтауын бақылауға міндетті.

  1. Ұлытау ауданының орталық ауруханасы:

1) ауру жағдайлары тіркелген кезде-100% асимптоматикалық және жеңіл формадағы, сондай-ақ анықталмаған пневмониямен ауыратын науқастарды үйде оқшаулау, үй карантинін сақтау шарттарын міндетті түрде орындау туралы қолхат беру;

2) үй карантинін ұйымдастыру үшін тұрғын үйдің талаптарға сәйкестігін бағалау;

3) осы қаулыға 34-қосымшаға сәйкес жағдайлар болған кезде COVID-19 науқастарымен жақын байланыста болған адамдарды оқшаулау (үй карантині) медициналық бақылау жүргізу. Бекітілген алгоритмге сәйкес қауіп факторлары және үйде оқшаулау үшін жағдайлар болмаған кезде емдеуге жатқызу туралы шешімді әрбір нақты жағдайда жеке қабылдау;

4) үйде медициналық бақылаудың жүргізілуін және үй карантині талаптарының сақталуын бақылау;

5) COVID-19 зертханалық тексеру жүргізу үшін шетелден келген адамдарды карантиндік стационарға емдеуге жатқызу;

6) COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушысы бар адамдарды және шетелден/өңірлерден келген адамдарды әртүрлі карантиндік стационарларға орналастыру;

7) медициналық персоналды олардың орын ауыстыруын болдырмай, инфекциялық стационарларға бекітуге (COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушысы бар адамдар үшін инфекциялық стационарлардың медициналық персоналын және шетелден/өңірлерден келген адамдар үшін карантиндік стационарлардың медициналық персоналын араластыруға жол бермеу);

8) медицина персоналының 2 деңгейдегі ЖҚҚ-ны пайдалануын қамтамасыз ету;

9) ПТР әдісімен зертханалық тексеру:

— инфекциялық стационарларға емдеуге жатқызылған пациенттер;

— провизорлық стационарларға емдеуге жатқызылған пациенттер;

— COVID-19, ЖРВИ және пневмонияны жоққа шығармайтын белгілері бар пациенттер-амбулаториялық деңгейде;

— COVID-19 симптомсыз белгілері бар, ЖРВИ және пневмониясы бар науқастар-стационарлық деңгейде;

— жоспарлы тәртіппен емдеуге жатқызу кезіндегі пациенттер, оның ішінде 37 апта мерзімде босанатын жүкті әйелдер;

— шұғыл емдеуге жатқызу кезіндегі пациенттер, оның ішінде жүкті және босанатын әйелдер;

— клиникалық хаттамаға сәйкес жаңа туған нәрестелер;

-үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде карантиндік оқшаулағышқа жатқызылған, симптомсыз COVID-19 бар адамдарды;

— БМСК дәрігерінің бақылауында тұрған, симптомсыз COVID-19 бар адамдарға;

— карантиндік стационарларға жатқызылған байланыста болған адамдар;

10) Басқармаға тестілеудің оң нәтижелері туралы ақпарды алған сәттен бастап 2 сағаттан кешіктірмей хабардар ету;

11) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес халыққа профилактикалық егулер жүргізу;

12) провизорлық және карантиндік бөлімшелер орналасқан типтік емес объектілерде медицина қызметкерлері үшін санитариялық-тұрмыстық жағдайлардың болуы, санитариялық тораптар болмаған кезде-биодәретханалармен қамтамасыз ету;

13) провизорлық, инфекциялық және карантиндік бөлімшелердің аумағынан шығатын автомобиль көлігін дезинфекциялық өңдеу;

14) науқастарға арналған тамақ өнімдерін бір реттік контейнерлерде жеткізуді қамтамасыз ету;

15) пневмониямен және ЖРВИ-мен ауыратын науқастарды коронавирустық инфекцияға уақтылы тексеру.

16) амбулаторлық-емдеу мекемелерінде науқастарды қашықтықтан консультация беру арқылы емдеу жүргізу.

17) стоматологиялық көмек көрсетуді алдын ала жазылу бойынша жүргізу.

18) жоспарлы стационарлық емдеу жұмыстарын тоқтату

  1. Ұлытау ауданының орталық ауруханасы, Ұлытау ауданының полиция бөлімі: емделуден және медициналық бақылаудан жалтарған науқастар мен байланыста болғандарды іздестіру жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
  2. «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қарағанды облыстық филиалының Ұлытау аудандық бөлімшесі:

1) СОVID-19 науқасты емдеуге жатқызғаннан кейін COVID-19 ошақтарын дезинфекциялық өңдеу;

2) қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарына сәйкес жеткілікті мөлшерде жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті;

  1. Ұлытау ауданының полиция бөлімі:

1) COVID-19 зертханалық тексеруге материалды іріктеу және тасымалдау бойынша медицина қызметкерлері арасынан жауапты адамды тағайындау;

2) COVID-19 зертханалық диагностикасын анықталған контингентке қатаң түрде жүргізу;

3) ПТР әдісімен зертханалық зерттеу жүргізуге жіберілген адамдардың тегі бойынша тізімін Басқарманың электрондық мекенжайына ұсынуды қамтамасыз ету;

4) адамдарды жіберу, материалды іріктеу және тасымалдау жауапкершілігі Ұлытау ауданының орталық ауруханасы басшысына жүктелсін.

  1. Ұлытау ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  3. Аудандық ішкі саясат бөлімі:

1) бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етуге, қабылданатын шешімнің адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруге міндетті;

2) осы қаулыны Ұлытау ауданы халқының назарына жеткізсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы 2021 жылғы 31 наурыз сағат 00-00-ден бастап күшіне енеді.

  Ұлытау ауданының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері 

 Е.А.Танабаев