Ұлытау ауданында отбасын қолдау орталығы ашылды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы №256-НҚ бұйрығын және Ұлытау ауданы әкімінің 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №107/03 қаулысын басшылыққа ала отырып, «Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Ұлытау ауданының отбасын қолдау орталығы» КММ құрылды. Аталған мекеменің директоры лауазымына Ноян Мұңайтпасұлы Жеңсікбаев тағайындалды.

Отбасын қолдау орталығының қызметі Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі аясында жүзеге асырылады.
Орталықтың негізгі бағыттары:
• мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, некені және отбасын сақтау, отбасылық жанжалдардың алдын алу;
• өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар мен отбасыларға кешенді қолдау көрсету;
• әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсетуге жәрдемдесу;
• мемлекеттік отбасы саясаты бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
• тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен өзара іс-қимыл жасау;
• отбасы саласындағы үрдістерді мониторингілеу және талдау;
• өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтау және қолдау көрсету мақсатында мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру.
