Ұлытау ауданында 24 үміткер сайлауға түсуде

Ұлытау ауданында сайлау учаскелері барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, таңғы 7:00-де жұмысын бастады. Аудан бойынша 7 ауылдық округтің әкімі сайланады. 
 Сарысу, Қоскөл, Байқоңыр, Ақтас, Шеңбер, Алғабас, Аманкелді ауылдық округі әкімі болуға барлығы 24 кандидат тіркелген. Олардың ішінде 7 адам саяси партиялардың атынан ұсынылса, 17 адам өзін-өзі ұсынушы. Дауыс беру күні бойы жалғасады. Сайлау аяқталған соң дауыстар саналып, қорытынды үш күнде шығарылады.