Ұлытау ауданы тұрғындарының назарына!

Ұлытау ауданы әкімінің 31 наурыз 2022 жылғы №9ө Өкіміне сәйкес «Аса қауіпті зиянды және карантиндік объектілерге қарсы күрес шараларына бақылау жасайтын шұғыл әрекетті штаб» құрылғандығын хабарлаймыз.

Сіздерден аса қауіпті зиянды организм итальяндық прус шегірткесі зиянкестерін байқаған уақытта «Аса қауіпті зиянды және карантиндік обьектілерге қарсы күрес шараларына бақылау жасайтын шұғыл әрекетті штабқа» 87103521444, 87059657782, 87103521271, 87052280209, 87086329647, байланыс телефондарына хабарлауларыңызды сұраймыз.

2022 жылы аса қауіпті зиянды организм итальяндық прус шегірткесіне қарсы барлығы 4000 гектар жерге химиялық өңдеу жоспарлануда.

Оның ішінде жеңіл ұшақпен 11.03.2022 жылғы №33 көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарты негізінде 3000 гектарды «Агро СЛА» ЖШС және жер үсті техникасы арқылы 22.04.2022 жылғы №52 көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарты негізінде 1000 гектарды «Таштенбаева» ЖК жүргізетіндігін хабарлаймыз.

Жомарт Асанәлі,

ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі бас маманы, өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі мемлекеттік инспекторы.