Ұлытау ауданы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қамтамасыз ету туралы

Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы 2025 жылдың 5 айында атқарылған шаралар.

Ұлытау ауданы бойынша барлығы 479 мүгедек бар: І топ- 38, ІІ топ — 250, ІІІ топ- 191 және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар -31. Оның ішінде есту бойынша мүгедектер -3, көру бойынша мүгедектер-6, тірек қозғалу нашар мүгедектер-15, кресло-арбамен жүріп тұратын мүгедектер-7.
Халықтың әлеуметтік әлеуетін арттыру мақсатында бөлімде 14 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2025 жылдың 5 айында Әлеуметтік қызмет көрсету порталына 20 мүгедектігі бар адамдардың оңалтудың жеке бағдарламалары бойынша 36% пайызға орындалып отыр. Оның ішінде:
№ Оңалтудың жеке бағдарламаларының іс-шара атауы 2025 жылдың 5 айына
жоспар орындалысы
1 Жүріп-тұруы қиын 1-ші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге қызмет көрсету
1

1
2 Мүгедектерді санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету 37 2
3 Мүгедектерді кресло-арбалар беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу
1
1
4 Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу
15
14
5 Мүгедектерді протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу
2
2
6 Мүгедектерді сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу
0
0
7 Мүгедектерді тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу
0
0
8 Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін құжаттарды ресімдеу
0
0
Барлығы 56 20
Орындалысы % 36 %

Атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысы 9 отбасының 43 мүшесіне тағайындалып отыр. Тұрғын үй жәрдемақысына өтініш берушілер болған жоқ.
Қазіргі таңда арнаулы әлеуметтік қызметтер алушылардың ішінен дискрутивтік теріс ағымда жүрген азаматтардың жоқ екендігін хабарлаймыз.