Ұлы Жеңістің 80 жылдығы: Мәңгілік ерліктің жарқын символы

2025 жыл – адамзат тарихындағы ең алапат соғыстың аяқталғанына 80 жыл толатын ерекше жыл. Бұл – фашизмге қарсы күресте жанын қиған миллиондаған жауынгерлердің рухына тағзым етер, бейбітшілік пен ерлікті ұлықтар маңызды дата. Ұлы Отан соғысы – тек бір халықтың емес, тұтас адамзаттың тағдырын өзгерткен күрес болғаны анық. Осыдан тура 80 жыл бұрын, 1945 жылдың 9 мамырында Жеңіс туы желбіреп, бейбіт таң атқан еді.

Бүгінгі ұрпақ үшін бұл күн – Отанға деген сүйіспеншілік пен ерліктің, ауызбіршілік пен татулықтың белгісі. Майдан даласында жаумен шайқасқан жауынгерлер мен тылда еңбек еткен қарапайым халықтың жанқиярлық еңбегі – біздің бейбіт өміріміздің негізі.

Маржан БУЛЕГЕНОВА,
белсенді жас.