Ұлттық құрылтайдың келесі отырысы Қызылордада өтеді

Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы осылай мәлімдеді.

«Бүгінгі Құрылтай тағы бір тарихи белеске тұспа-тұс келді. Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толып отыр. Осы ретте Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынамын», – деді Президент.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:
2022 жылы – Ұлытауда;
2023 жылы – Түркістанда;
2024 жылы – Атырауда өтті.
2025 жылғы Ұлттық құрылтай Бурабайда өтіп жатыр.