Ұлттық құрылтай: Баланы кітап арқылы тәрбиелеу ұсынылды

Ол үшін елдегі баспалардың жұмысын жандандыру керек. Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, баспаларға субсидия беріп, салығын төмендеткен жөн. Бұл олардың жұмысын жеңілдетіп, кітап сапасына оң әсер етпек.

Депутат қазір осы бағытта арнайы заң жобасы әзірленіп жатқанын жеткізді.