Ұлттық бірыңғай тестілеудің шекті балдары жарияланды
Ұлттық тестілеу орталығы 2026 жылғы талапкерлер үшін ҰБТ-ның шекті балдарын жариялады. Тестілеу форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер барлығы 5 пән тапсырады, оның үшеуі міндетті және екеуі бейіндік пән.

Міндетті пәндер бойынша шекті талаптар:
▫️Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма, шекті балл: 3
▫️Оқу сауаттылығы – 10 тапсырма, шекті балл: 3
▫️Қазақстан тарихы – 20 тапсырма, шекті балл: 5
Бейіндік пәндер:
Екі пәннен барлығы 40 тапсырма беріледі. Әр пән бойынша ең жоғары балл – 50, шекті көрсеткіш – 5 балл.
Жалпы талапкер шекті ұпайды жинау үшін барлық пәннен ең төменгі көрсеткіштерді орындауы тиіс.
