Ұлттық бірыңғай тестілеу ережелеріне өзгерістер енгізілді

Бұл өзгерістер 2025 жылғы 1 сәуірде Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен бекітілді. Өтініштер www.testcenter.kz сайтында онлайн қабылданады.


Негізгі өзгерістер:
Мүгедектігі бар талапкерлер үшін тестілеуге қатысу тәртібі жеңілдетілді;
Халықаралық стандартталған тестілер (SAT, ACT, IB, A-Level) де қабылданады;
Дәлелді себеппен тестке қатыспаған талапкерге сол кезең ішінде қосымша мүмкіндік беріледі (мысалы, денсаулық жағдайына, отбасындағы ауыр жағдайға, олимпиадаларға қатысуға байланысты);
TOEFL, IELTS секілді халықаралық ағылшын тілі сертификаттары бар талапкерлер өз қалауы бойынша «Шетел тілі» пәнінен босатылады.

ҰБТ мерзімдері де өзгертілді:

1 наурыз – 6 сәуір (бұрын – 1-31 наурыз)
10 мамыр – 10 шілде (бұрын – 16 мамыр – 5 шілде)

Электрондық өтініш беру мерзімі:
10 – 25 сәуір (2 рет тапсыруға болады)
25 шілде – 5 тамыз