Ұлт саулығы – басты назарда
Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 2 қыркүйегіндегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында жетінші мәселе ретінде Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі деп көрсетілді.
Бүгінгі күні экологиялық дағдарыс дүниежүзілік проблемаға айналды. Экологияны ластау ұлан-ғайыр мемлекетіміздің бай табиғатына кері әсерін тигізбек. Сол себепті мемлекет тарапынан болсын еліміздің әрбір азаматы болсын бұл мәселеге бей – жай қарамай қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіне білуіміз қажет. мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек. Президентіміз атап өткендей халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтау қажет. Бизнес өкілдері табиғатты қорғау ісіне зор жауапкершілікпен қарауы керек. Үкімет пен «Атамекен» палатасы осы бағытта нақты шаралар қабылдауға тиіс. Бұл салаға озық технологияларды кеңінен енгізу жұмысын жалғастыру қажет. Табиғатты ластайтын қалдықтарға мониторинг жасайтын озық жүйе ойдағыдай жұмыс істеуге тиіс. Мемлекет басшысы сонымен қатар, Қазақстанның бірегей жануарлар және өсімдіктер әлемін сақтау мәселесі әрдайым өзекті болып қалатындығы туралы мәлімдеді. Мемлекет алдағы уақытта да кең байтақ даламызды және орманымызды өрттен қорғау үшін барлық қажетті шараны қабылдайтындығы туралы атап өтті.
Серік БАЙМАҒАНБЕТОВ,
Ұлытау ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы.