Әлеуметтік әділеттілік пен экономикалық дамудың жаңа бағыттары

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси жаңғыруына арналған маңызды бастамалар көтерілді. Президент халықтың өмір сүру сапасын арттыру, мемлекеттік басқаруды жетілдіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мәселелеріне айрықша назар аударды. Ол азаматтардың әл-ауқатын жақсарту үшін нақты шаралар ұсынып, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталған реформалардың қажеттілігін атап өтті.

Сонымен қатар, жолдауда экономиканы әртараптандыру, шағын және орта бизнесті қолдау, өңірлердің даму деңгейін теңестіру бойынша маңызды міндеттер қойылды. Мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру, сот және құқық қорғау жүйелерін реформалау арқылы құқықтық мемлекет құру бағытындағы қадамдар да назардан тыс қалмады.

Жалпы, Тоқаевтың жолдауы Қазақстанның тұрақты дамуына және елдің халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған сындарлы әрі прогрессивті қадамдарды қамтиды деп бағаланады.

Серік БАЙМАҒАНБЕТОВ,
Ұлытау ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы.