Әлемнің діни көрінісі қандай?
Әлемдік діни көріністі зерттеу оның бірегейлігі мен сан алуандылығын көрсетеді. Pew зерттеу қорының дін және қоғамдық өмір бойынша жүргізілген зерттеулерінің нәтижелері әлем бойынша он адамның сегізі өзін қандай да бір діни топпен сәйкестендіреді.

Қордың 230 елдер мен аумақтардың жай-күйіне жүргізген зерттеулері әлемнің 6,9 млрд. тұрғынының 84%-ын құрайтын 5,8 млрд. дінге қатысы бар ересектер мен балалар бар екенін анықтаған. 2500-ден астам халық санағы, шолулар мен тіркеулерді талдау негізінде жүргізілген демографиялық зерттеулер барлық әлем бойынша келесі мәліметтерді ұсынады: – 2,2 млрд христиан (32% халық тұрғыны), – 1,6 млрд мұсылман (23%), – 1 млрд индуизм өкілі (15%), – 500 миллиондай буддистер (7%), – 14 миллион иудаизм өкілі (0,2%), 24 – 400 миллионнан астам адам (6%) түрлі ұлттық немесе дәстүрлі діни сенімдерді ұстанады, соның ішінде, африкалық дәстүрлі діндер, қытай халық діндері, түпкілікті америка діндері мен австралиялық аборигендердің діндері. Бағалаулар бойынша, 58 миллион адам – әлем халқының 1%-нан төмені – өзге діни сенімдерді ұстанады, олар –Бахаи сенімі, джайнизм, сикхизм, синтоизм, даосизм, тэнрикѐ, викки және зороастризм. Сондай-ақ, Pew Қорының соңғы зерттеулері әлем халқының алтыдан бірі (1,1 млрд немесе 16%) дін ұстанбайды. Адамдардың төрттен үшіне жуығы (73%) діни топ барлық тұрғындардың басым бөлігін қамтитын елдерде тұрады. Барлық адамдардың ширегіне жуығы (27%) діни азшылықтар ретінде өмір сүруде. Көп жағдайларда индуистер мен христиандар өздері тұрғындардың басым бөлігі болып табылатын елдерде өмір сүру тенденциясына ие. Мысалға, барлық индуистердің 97%-ы әлем бойынша индуистер көп шоғырланған елдерде (Үндістан, Маврикия және Непал) өмір сүрсе, он христианның тоғызына жуығы (87%) христиан діні басым болып табылатын әлемнің 157 елдерінде орналасқан. Мұсылмандардың басым бөлігі (73%) және діни таңдау жасамаған (71%) адамдар да өздері тұрғындардың ауқымды бөлігін қамтитын елдерде өмір сүреді. Мұсылмандар 49 елдерде, соның ішінде Таяу Шығыс пен солтүстік Африканың 20 елінің 19 елдерінде өмір сүреді. Діни таңдау жасамаған адамдардың басым бөлігі келесі алты мемлекеттерде өмір сүреді: Қытай, Чех Республикасы, Эстония, Гонконг, Жапония және Солтүстік Корея. Өзге негізгі діни топтардың мүшелері өздері азшылықты құрайтын елдерде орналасқан. Мысал ретінде, он буддистің жетеуі (72%) діни азшылық ретінде танылады. Сонымен бірге, онның үшеуі ғана (28%) будистер көптеп орналасқан жеті мемлекеттерде өмір сүреді, олар: Бутан, Бирма (Мьянма), Камбоджа, Лаос, Монғолия, Шри-Ланка және Таиланд. Израиль иудаизм өкілдері көп саналатын жалғыз мемлекет саналады. Бахаи, джайна, синтоизм, сикхизм, даосизм діндерінің және тэнрикѐ, викки және зороастризм ұстанушылары халықтың басым бөлігін құрайтын мемлекеттер жоқ. Орташа алғанда кейбір діндердің өзгелеріне қарағанда жастарының көп екендігін атап өткен жөн. Әсіресе, жас ерекшеліктері діни топтардың географиялық таралу ерекшеліктеріне қатысты көрініс табады. Тез дамып, өркендеу үстіндегі мемлекеттерде көп дін ұстанушылары жас тұрғындар болып табылатын тенденциялар бар. Ал, Қытай мен дамыған индустриалды мемлекеттерде, адам санының өсуінің төмен болуына сәйкес, дін ұстанушылардың да жастары үлкен. Негізгі екі топтың – мұсылмандар (23 жас) және индуистердің (26 жас) – дін ұстанушылары әлем тұрғындарының орташа жасынан (28 жас) төмен, ал қалған топтарда орташа жастан жоғары. Христиандар арасындағы орташа жас мөлшері 30 жас, одан кейін өзге діндерде (32 жас), халықтық және дәстүрлі діндерде (33 жас), діни таңдау жасамағандарда (34 жас) және буддистерде (34 жас). Иудаизм өкілдерінде ең жоғары орташа жас мөлшері (36 жас), олар мұсылмандардың ең төмен жас мөлшерінен он жасқа жоғары. Халықтық діндер нақты халықпен, этникалық топтар немесе тайпалармен тығыз байланысқан. Кейбір жағдайларда әлемдік діндердің кейбір элементтері жергілікті сенімдер мен дәстүрлермен байланысқан. Көп жағдайда мұндай діни сенімдердің ресми ілімдері мен қасиетті жазулары болмайды, олардың қатарына африкалық дәстүрлі діндер, қытай халық діндері, түпкілікті американдық діндер және австралиялық аборигендердің діндері жатады.
Аудандық ішкі саясат бөлімі.
