Латын графикасы – өркениет жолы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бүгінде Қазақстан халқы да замана көшінен қалмай, латын графикасына негізделген әліпбиді таңдауға бел буып отыр. Көрші мемлекеттердің көпшілігі латын графикасын таңдады. Әлемдегі ақпараттардың 90 пайызы латын графикасында жарық көреді. Ал ақпаратқа кім иелік етсе, ғылым мен технологияға да сол ие болады. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі — рухани жаңғырудың ең шешуші кезеңдерінің бірі. Бұл қоғамдық ой мен санаға түпкілікті өзгеріс жасайтын қадам», – деген болатын.

Айта кетерлік латын әліпбиін пайдалану Түркия, Әзірбaйжан, Өзбeкстан, Түркімeнстан сияқты мемлекеттердің тәжірибесінен сәтті өткен. Дүниежүзілік ақпаратта латын әліпбиі үлкен орын алады. Сондықтан латын әліпбиінe көшу мәсeлесі қазіргі таңдағы жауапты міндет болып саналады. Әлемдегі қазақтар өздерінің тұратын мeмлекеттеріне қарай аpаб, латын, кириллица таңбалaрына негізделгeн әліпбиді қолдануда. Осы тұрғыдан келгeнде оpтақ әліпбидің болуы халқымыздың бір-бірін түсінісуіне oң ықпал тигізетіні бұған дейін сан мәрте айтылып жүр.

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз қажеттігін және болашақта оқулықтар мен барлық саладағы іс-қағаздар осы қаріппен жазылуы керек екенін атап айтқан болатын. Елбасының осы тапсырмасына сай бүгінгі таңда латын графикасына көшу жұмысы қарқынды жүріп жатыр десек қателеспейміз. Оны алыстан іздемей өзіміз тұрып жатқан қала не ауылдың дүкендерінің атаулары мен көшелерінде орналасқан тақталарының латын әліпбиінде жазылғанынан көре аламыз. Сондай-ақ латын қаріптерін үйрететін әдіскерлердің дәрісі де еліміздің латын графикасына көшудегі мақсатының орындалуына өз септігін тигізіп жатыр.

Айдана ТӨРЕБАЙ,

Ұлытау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің латын графикасын енгізу бойынша әдіскері.