«Ұларлықтар» – Ұлытау төрінде

Ұлт ұясы – Ұлытаудың өнерсүйер қауымы «Ұлар» əдеби клубы ақындарының «Жайлауы жас қаламның – албырт сезім» атты поэзия кешінің куəгері болды. Киелі қаламды жанына серік етіп, поэзияның құдіретін танып жүрген жас ақындарға аудан əкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВ, аудандық мəслихат төрағасы Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ ақ тілегін арнап, лайықты сый-сияпат жасады.

Ұлытау жұртына қауырсын қаламның құдіретін таныта білген ақындардың қатарында Абай Ораз, Мұқағали Сейтқазы, Жанат Əбдіғожин, Медет Қарахмет, Қанат Мусин, Жоламан Мағзұм, Құрмет Тілеулинов, Ернұр Сейдахмет, Ақтоты Əлтай болды.

Жас ақындар аудан əкімінің қабылдауынан кейін аудан орталығындағы кітапханада өлеңсүйер қауыммен жүздесіп, өрнегі мол өлеңге ынтызар қауымды мөлдір жырдың нəрімен сусындатты. Ақындар өздерінің өлеңдерін жатқа оқыған балғын оқырмандарымен де емен-жарқын жағдайда сұхбат құрып, оларға да ыстық ықыластарын білдірді.

Дөңгелек үстел басында кездесуге келген топ құрамында аудандық мəслихат төрағасы, ақын, өнер жанашыры Ахат Құрмансейітов, Қазақстанның Құрметті журналисі Мағзұмбек Машайықов, жезділік ақын Файзолла Əжібеков те болып, əдемі əдіптелген əрлі сөздерімен жұртшылықтың жүрегіне шуақ ұялатты. Сонымен қатар, «Ұлар» əдеби клуб мүшелеріне шығармашылық шабыт тілеп, шынайы пейілмен алғыстарын білдірді. Бұл кеш енді ғана желкілдеп өсіп келе жатқан талапкерлердің шабытын оятып, талабын ұштауға жол ашқан секілді. Осыны аңғарған көрермен қауым «Ұлар» клубының құрамына ризашылықтарын білдіріп те жатты. Көпшіліктің риза болатын реті де бар. Ақындар оқырман қауымға тəлімді тəмсілді қарасөзбен ғана айтып қоймай,жүректен шыққан ізгі тілегін өлеңмен өргені бəріміздің көңілімізді сүйсінтті. Озық ой мен сұлу сөз кестеленген поэзия кешінде ақындардың Ұлытауды жырға қосып, мəртебесін асырғаны кімге де болса жағымды əсер сыйлады. Əсіресе, жастарға клуб мүшелерінің махаббатшабытын оятып, талабын ұштауға жол ашқан секілді. Осыны аңғарған көрермен қауым «Ұлар» клубының құрамына ризашылықтарын білдіріп те жатты. Көпшіліктің риза болатын реті де бар. Ақындар оқырман қауымға тəлімді тəмсілді қарасөзбен ғана айтып қоймай,жүректен шыққан ізгі тілегін өлеңмен өргені бəріміздің көңілімізді сүйсінтті.

Озық ой мен сұлу сөз кестеленген поэзия кешінде ақындардың Ұлытауды жырға қосып, мəртебесін асырғаны кімге де болса жағымды əсер сыйлады. Əсіресе, жастарға клуб мүшелерінің махаббат лирикасына байланысты шығарылған өлеңдері қатты ұнады. Аталған лирика аясында ең жас ақын Мəди Олжабай бірқатар өлеңдерін оқып, көпшіліктің ықыласына ие болды. Өлеңдерінің дені балаларға арналған Ернұр Сейдахметтің жырлары да балғын оқырмандардың көңілінен жол тауып жатты. Басқа да ақындардың өлең шəрбатына сусындаған көрермендер қошеметін қол шапалақтау арқылы білдіріп отырды. Не керек, сол күні ұларлықтармен ашық-жарқын əңгіме өрбіген шара оқырман қауымды бір серпілтіп тастады.
«Бұлақ көрсең,көзін аш» демекші, бұл кеш жас талапкерлердің де талантын шыңдап, поэзияға қызығушылығын арттырды. Əрине, «Өлеңге əркімнің-ақ бар таласы» дегендей, өлеңді əркім де өреді. Алайда, «сөздің сарасы, сөздің патшасы» ету – ілуде біреудің басына қонатын бақ. Айтайын деп отырғаным-ақындардың өлеңдері көркемдік жағынан қарағанда, мəнділігі, тереңдігі, кеңдігі сөз қолданысы жүрекке жылы тиді. Осы тұрғыдан айтқанда, жырсүйер қауым поэзия кеші барысында ақындардың қаламынан туындаған лирикалық өлеңдерді тапжылмай тыңдап, жылы қабылдады. Өйткені, сөздерінің салмағы, салиқалы ойға жетелеп,көңілге қонымды болды.
Шын мəнінде, шырайлы кеш ақындардың бұлақтай мөлдір жырлары арқылы өмірдің əнін, көңілдің нəрін сезіндіріп, көрерменге рухани лəззат сыйлағаны анық. Жұрттың санасын серпілтіп, көңілін сергітті деп айта аламыз. Оған көрерменнің жақсы пікірі толық дəлел.
Ал, кеш тізгінін ұстаған Құрмет Тілеулинов қаламдас замандастарының мəртебесін өсіріп, мерейін үстем етіп отырды. Ол зілсіз əзілқалжыңы арқылы көпшілікті сүйсінтіп, тамсантты. Кештің осынысымен де əсерлі болғаны айдан-анық.

Шара соңында аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрлан Қасымбеков ақындарға құрмет көрсетіп, лайықты сый-сияпат жасады. Жас таланттарда құрқол келмепті, Мұқағали Сейтқазы, Абай Ораз, Ернұр Сейдахмет кітапхана қорына өз кітаптарын сыйға тартты. «Тас түскен жеріне ауыр» демекші, осы орайда, аудандық орталық кітапхана ұжымының еңбегін де айта кеткен жөн. Кітапхана директоры Салтанат Ниязова бастаған ұжым тегіс біркісідей атсалысып, поэзия кешінің жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетті. Кеш сонысымен де тартымды болды.

Қайрат ЖҰМАБАЙ.