Коронавирусқа қарсы вакцина алған оқушылар сабақты мектепте оқиды

Елімізде коронавирус инфекцияның таралуы күрт өсті. Осыған байланысты індеттің таралуын шектеу және балаларды қорғау мақсатында қашықтықтан білім беруге көшу жүргізіліп жатыр. Әйтсе де, оқушылардың бәрі онлайнға ауыспайды. Төменгі сынып оқушылары шаттық режимде білім алады. Ал, жоғары сынып оқушыларының арасында вакцина алған балалар мектепке барып, білім алуларына мүмкіндік қарастырылған, деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі.

«600-ден астам оқушысы бар қалалық мектептер қашықтан оқыту форматында жұмыс істейді. Бұл ретте мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша 1-2 сыныптарда — оқытудың штаттық форматы, ал 3-5 сыныптарда — кезекші сыныптар болады. Сыйымдылығы 600 оқушыға дейінгі қала мектептері және барлық ауыл мектептері штаттық форматта жұмыс істейді. Санитарлық дәрігерлердің шешіміне байланысты балабақшаларда оқыту және тәрбиелеу жұмыстары штаттық форматта жүргізіледі. Ел бойынша штаттық форматта оқитын оқушылар саны 2 млн асады, ал қашықтан оқитын оқушылар саны — 1,5 млн жуық. Яғни, оқушылардың 60% -штаттық форматта, 40% қашықтан оқиды. Сонымен қатар, бұл өңірлерде мектептен тыс ұйымдарда оқыту жеке немесе топтық сабақтар кезінде штаттық режимде – 10 адамға дейін ұйымдастырылады. Арнайы ұйымдарда — түзету кабинеттері, ресурстық орталықтарда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Бұл ұйымдарда жұмыс жеке және 8 адамнан аспайтын топтарда ұйымдастырылады. Республика бойынша ондай 160 мыңнан астам оқушы бар», — деді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Каримова.

Мектептерде, мектептен тыс ұйымдарда, балабақшаларда санитарлық талаптар күшейтіледі. Оқыту синхронды, асинхронды форматта жүргізіледі. БҒМ тарапынан әдістемелік ақпарат әрбір аймаққа жіберілді. Таныстыру жұмыстары жүргізілді. Үшінші тоқсан ұйымдасқан түрде басталады. Штаттық форматта жұмыс істейтін білім беру ұйымдарында тамақтандыру ұйымдастырылады. Шектеу іс-шаралары аяқталғанға дейін балалар мектепке іскерлік, классикалық стильде ыңғайлы киіммен бара алады. Үшінші тоқсан 18 наурызға дейін жалғасады.

Тағы бір айта кетерлігі, ҚР ДСМ СЭБК тамақтану, тәрбие және білім беру объектілерін бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Марал Рахимжанованың мәліметінше, балалар арасында омикрон штаммы әлі анықталған жоқ. 16 қаңтарда КВИ жұқтырған 685 бала тіркелді, соның ішінде 3 — ЖОО, 19- колледж студенті. ВАК шешімі негізінде вакцинаны толық алған балалар сабақты офлайн оқи алады.