Конституциялық реформа – болашаққа жасалған стратегиялық қадам
Қазақстан Халық партиясы еліміздің барлық өңірлерінде Конституциялық реформаны түсіндіру жұмысын жалғастыруда. Азаматтарға ұсынылып отырған өзгерістер, жаңашылдықтар және құжаттың нормативтік бөлігіне енгізілетін түзетулер туралы ақпарат берілуде. Сонымен қатар тұрғындардан ұсыныстар мен ұсынымдар қабылдануда.

ҚХП Ақсуат аудандық өкілдігінің басшысы (Абай облысы) Қайрат Қайырбаев жергілікті партия белсенділерімен «Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық тірегі» деген тақырыпта пікірталас өткізді.
– Іс-шараның негізгі мақсаты Конституциялық реформаның мәні мен маңызын түсіндіру, құқықтық мемлекет қалыптастыру жолындағы негізгі өзгерістерді талқылау және осы бағыттағы партияның ұстанымын таныстыру болды, – деп атап өтті ұйымдастырушылар. – Пікірталас барысында жаңа Конституцияның еліміздің саяси жүйесін жаңғыртудағы рөлі, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауды күшейтудегі маңызы, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруде алатын орын қарастырылды.
Жиынға қатысушылар Конституциялық реформа қоғамның дамуына қаншалықты ықпал ететіні жөнінде пікір алмасты. Басқосу барысында азаматтардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берілді. Пікірталас Конституциялық өзгеріс «Әділетті Қазақстан» қалыптастыру жолындағы маңызы қадам деген ортақ оймен түйінделді.
– Біз ашық әрі сындарлы диалог алаңын қалыптастырдық, – деп атап өтті партия өкілдері. – Мұндай пікірталас партия мүшелерінің азаматтық белсенділігін арттырып, қоғамда болып жатқан оқиғаларға жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді.
ҚХП Қызылорда облыстық филиалы «Конституциялық реформа – ел болашағына жасалған жаңа қадам» деген ұранмен жаңа Конституциясының жобасына арналған кеңес өткізді. Іс-шараға Қызылорда облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Айгүл Қосбергенова, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және бақылау бөлімінің басшысы Еркін Тәжікенов, «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, PhD докторы Дәулет Омаров, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Динара Серікқызы және қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Медет Жорабек қатысты.
ҚХП Түркістан облыстық филиалының ұжымы да белсенділермен бірге ұсынылып отырған Конституция жобасын талқылады.
